8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2020 955 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 68-ГЕ ЖЕТТІ

Бүгін, 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында«COVID-19» инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді. Сондай-ақ кеше кешкі уақытта бір азаматтан коронавирус жұқпасы анықталғаны хабарланған еді.  Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев осы бес азаматтың жағдайы туралы мәлім етті.

Оның біреуі бұрын коронавирус жұқпасы анықталған адаммен байланыста болуы себепті карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирус жұқпасына сынама алынған. Ал төрт азамат Ресей Федерациясынан келген. Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекетінде эпидемиологтар тиісті алгортимге сай оларға байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізіп, карантиндік сатционарға жолдама берген. Ол жерде  коронавирус жұқпасына сынама алынған. Бұл азаматтардың екеуі – Қызылорда облысының, біреуі – Шымкенттің, біреуі – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Бүгінгі күні ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен бес пациенттен де  COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

– Әлеуметтік желілер арқылы «Ресей Федерациясынан келген азаматтарды шекарадан өткізбеу керек» деген ұсыныстар айтылуда. Дегенмен, олардың жұмыс бабымен немесе емделу мақсатымен Ресейге уақытша барған біздің елдің және басым бөлігі облысымыздың азаматтары екенін қаперге алғанымыз жөн. Шекарадан өткенде эпидемиолог мамандар оларды тексереді және елдің  ішінде вирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірден карантиндік стационарға жатқызылуда. Лабораториялық зерттеу қорытындысымен коронавирустық инфекция анықталғандары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылады. Теріс нәтиже болса, 14 күнге үйде оқшаулануға жіберіледі және медициналық бақылауда болады. облыс тұрғындарын жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауларын сұраймыз,  – деді  Нұрлыбек Ермекұлы.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  21 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 68 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 66-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
158 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
398 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
880 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1617 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2233 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2405 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2461 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2941 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2994 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2988 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3570 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3560 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3536 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3696 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»