БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 64-КЕ ЖЕТТІ
20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 1 жағдай тіркелді.

Коронавирустық инфекция анықталған азамат Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын 40 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны.
Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекетінде эпидемиологтармен байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде дене қызуының көтерілуі, денсаулығына шағымы болған жоқ. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азамат карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен пациентте COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 20 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 64 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 62-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу