8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1354 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША 113 НАУҚАС ЕМ АЛУДА

 Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  облыстық денсаулық саұтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов Батыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлім етті. 

Бас дәрігердің  сөзінше, облыс бойынша бүгінге  дейін короновирус инфекциясының 120 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационарға түскен 120 пациенттің біреуі бала. Бүгінге күнге  жеті пациент емделіп шықты.

– 113 пациент ем алуда.  Аурудың жеңіл түрімен – 79, орташа түрімен – 33 науқас жатыр.  Тыныс алу жеткіліксіздігі жоқ пневмониямен, субфебрильді температурамен (37,5 градус) жатқандар төртеу. Бір науқас реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінде. Қандағы оттегі сатурациясы 96-97%. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған пациенттер жоқ. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде, – деді Болатбек Амангелдіұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»