БҚО-ДА КОРОНАВИРУС БОЙЫНША АУРУШАҢДЫҚ 1,4 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Соңғы аптада, яғни 12-18 наурыз аралағындағы аурушаңдық деңгейі өткен аптамен – 5-11 наурыз аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға, яғни 405-тен 411-ге өскен. Бұл туралы бүгін, 19 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тақырыбындағы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев мәлім етті.

1 наурыздан бері COVID-19 инфекциясы 1070 адамнан анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 442 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 376 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 181 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 71 адамда анықталды. 1 наурыздан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 2506 адам медициналық бақылауға алынған.
– Соңғы аптада аурушаңдық күрт өсті. Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы анықталған науқастардың 37 пайызыжұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлер – 24.3 пайыз, жұмыс істемейтін тұлғалар 16.8 пайыз болып отыр. Сондай-қ 9,4 пайызы оқушылар, 3,6 пайызы – медицина қызметкерлері, 3,1 пайызы – мұғалімдер, одан бөлек ұйымдастырылмаған балалар, балабақша тәрбиешілері, студенттер, күш құрылымдары арасында анықталып отыр, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Эпидемиолог мамандар анықтағандай, үй ошақтарындағы қарым-қатынас арқылы инфекцияны жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы кезінде, медициналық ұйымдарда болған науқастардың арасында, жұмыста санитарлық талаптардың сақталмауынан инфекцияның таралуы төмендемей отыр. Өзге елден келген азаматтардың арасында да аурушаңдық тіркелген.
Облысымызда 1 қаңтар мен 18 наурыз аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 4857 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2902 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1955 жағдайда ауру белгілері жоқ. Қаңтар айында 1837 адамнан коронавирус анықталса, ақпан айында 1950 адамның инфекция жұқтырғаны, наурыз айында 1070 жұқтырғаны расталды.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді. Осы орайда адамдардың қозғалысын азайту мақсатында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы қабылданды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу