8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2021 1308 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ИГЕРІЛДІ

1 ақпаннан бастап БҚО коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды бастады, ақпанда жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшелері, емханалар, жедел жәрдем бөлмелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері арасында жүргізілуде. 11 ақпанда 1000 дозадан тұратын алғашқы партия толығымен игерілді. Енді вакцинацияланған азаматтарға арналған вакцинаның екінші компоненті болып табылатын келесі партия күтілуде.

КВИ-ға қарсы вакцинация ақысыз және кезекке сәйкес жоспарланған. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вак («Sputnik V») препараты қолданыла бастады. Ақпан айының ортасынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде  өндірілген осы вакцинаны енгізу жоспарланып отыр. Екінші тоқсаннан бастап отандық QazCovid-In-ді қосу жоспарлануда, ол қазір сынақтан өтіп жатыр.

«Gam-COVID-Вак» вакцинасы екі компоненттен тұрады, сондықтан ол 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бұлшықетке  бірінші компонент 0,5 мл дозада және 3 аптадан кейін  екінші компонент енгізіледі. Егер екінші компонентпен 21 күнде вакцинациялау мүмкін болмаса, одан кейінгі 7 күнде вакцинациялауға рұқсат етіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

Вакцинацияланған азаматтардың өздерінің айтуынша, олар ерекше өзгерістерді сезбеген. Инъекция ауыртпалықсыз, аздап күйдіру сезімін береді. Одан кейінгі үш күнде әлсіздікті сезінген, яғни денеде ауырсыну, температураның сәл жоғарылауы, тамақ ауруы, инъекция орнында аздап ауырсынатын ісіну сынды  көптеген вакцинациядан кейін бйқалатын сезімдер болған.

Бұған дейін бірнеше мәрте айтылғандай, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек вакцинацияланған адамның келісімімен жүзеге асырылады. Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады.

Әлем ғалымдарының айтуынша, коронавирустық инфекциямен күресу бүкіл әлем тұрғындарының шамамен 70 пайызының денесінде COVID-19-қа қарсы белсенді антиденелер болған кезде сәтті аяқталуы мүмкін. Вакцинация адамдарды қауіпті аурулардан тиімді қорғайды. Медицинада табысты тәжірибенің көптеген мысалдары бар. Вакцинацияның арқасында адамзат туберкулез, қызылша, шешек, қызамық, тырысқақ, менингит және басқалары сияқты көптеген аурулардың таралуынан сақтанып отыр.

Халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ақысыз болады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
112 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
62 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
92 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
125 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
119 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
116 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»