8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2018 3339 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

 Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде коммуналдық қызметтің, атап айтқанда электрқуаты және жылумен қамтамасыз етудің тарифтары төмендетілді.

«Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның қызметінде өткен жылы 71,9 млн. теңгеге тариф сметасының орындалмау фактілері анықталған. Осылайша, осы соманы өтеу үшін, бұрын электрқуатының құны 5,47 теңге болса, 2018 жылдың 1 тамызымен 31 желтоқсаны аралығында 1 киловатт үшін 5,37 теңгеге арзандады. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаның 5,01 теңгеге арзандауы жоспарланды.

«Жайықжылу қуаты» АҚ-мен жүргізілетін жылумен қамтамасыз ету тарифі 78,28 теңгеге төмендеді.

Монополист міндетті төлемге жататын 49,2 млн. теңгені шығындамай, оны жылу қуатының бағасына қосқан.

Сондықтан тұтынушыларға аталған соманы қайтару мақсатында 1 Гкал үшін тариф 5289,77 теңгеден 5211,49 теңгеге төмендеп, ол 2019 жылғы 31 тамызға дейін болады.

Тексерістің нәтижелері «Ақсайжылуқуат» МКК-мен бекітілген Ақсай қаласының тұрғындары үшін жылу қуатын пайдалану құнын 5452,95 теңгеден 5335,97 теңгеге төмендетті.

Бұл жерде «Ақсайжылуқуат» кәсіпорны тарифке жеке ұйымның 11,3 млн. теңгеге есептегіш құрылғыларды қондыру қызметін қосқан. Алайда дәл осы жұмысты өздері жасай алады.

Артық сома 1 Гкал үшін тарифті 116,98 теңгеге төмендету арқылы тұрғындарға қайтарылатын болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
134 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»