8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2020 1191 0
Өзек

БҚО-ДА КИІКТЕРДІҢ МҮЙІЗІН САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тоғыз ай бойы киіктерді аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топқа қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. 

 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 адам жауапқа тартылып отыр. Олар 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылдың мамырына дейін Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулау және оның мүйіздерін сатумен айналысқан.

Тергеу барысында 700-ден астам ақбөкен мүйізі, 9 тіркелмеген атыс қаруы мен 328 дана оқ-дәрі, жеті жол көлігі мен қарда жүретін екі көлік, екі мотоцикл, түнгі көру құралдары және ұйымдасқан қылмыстық топ қолданған басқа да заңсыз заттар тәркіленді.

Олар ақбөкендерді жою нәтижесінде экологияға 700 миллион теңгеден астам  шығын келтіргенін атап өту керек.

Осы фактілер негізінде БҚО Полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау), 339-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 262-ші бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»