8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2021 1428 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Бүгін, 6 сәуір күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев №10 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту » Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қаулы мәтіні төмендегідей:

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағы 3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауы 3, 4-тармақтарын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1)-тармақшасы келесідей азат жолдармен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысын сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеу;

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарына жеке көліктерімен шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелуі тиіс қажет.».

1-тармақтың 6)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«6) рұқсат берілсін:

контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда қашықтық форматта оқытуға көшірілсін.».

1-тармақтың 11)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«11) сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін толтырылуы 1 келушіге 4 ш.м. кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30%-нан артық емес) оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатуымен;».

1-тармақтың 12)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«12) Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін, ҚР БМСД  №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатуымен;».

1-тармақ келесі мазмұндағы 17)-тармақшамен толықтырылсын:

«17) Азық-түлік дүкендері (минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра сататын дүкендер) жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін, (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс);».

  1. Осы қаулы барлық мүдделі органдар мен ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы ағымдағы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                        М.Арыспаев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
73 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
144 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
374 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1140 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2210 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2374 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2382 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2437 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2055 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2917 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2971 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2965 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3578 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3546 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3537 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3513 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»