8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2020 1419 0
Өзек

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК РЕЖИМ СӘУІР АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырғанбрифингте Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті. 

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр БҚО аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту  туралы қаулысы шыққан болатын. Осы қаулыға өзгерістер енгізілді. Біріншісі – БҚО аумағында  карантиндік  режим мерзімін 2020 жылдың 30  сәуіріне  дейін ұзарту. Екіншісі – БҚО аумағында кәмелетке толмағандардың үлкендердің жетелеуінсіз қозғалуына тыйым салу. Үшіншіден, БҚО қала, аудан аумағында  65 және одан жоғары жастағы азаматтардың жүруіне  тыйым салынады.

– Республикалық ахуалды зерделеу кезінде 65 жастан жоғары азаматардың коронавирустық инфекцияның жұқтыруға бейім екені байқалды. Сондықтан егде жастағы тұрғындарымыздың қозғалысына шектеу шарасы қолданылып отыр. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек үйлеріне  жеткізіледі, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»