БҚО-ДА КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ЕНГІЗІЛДІ
Коронавирустық инфекциясының өршуіне байланысты індеттің таралуының жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облысында күшейтілген карантиндік режим енгізілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында өткен брифингінде айтылды.

Карантиндік шектеу шаралары 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап енгізілмек (30 наурыздан 31 наурызға қараған түн). Осы уақытқа дейін тұрғылықты мекенжайынан ауыл-аймаққа немесе басқа елдімекендерге кетіп қалғандар арнайы өткізу бекеттері арқылы тексеріліп, қайта кіретін болады.
– Режимдік карантин – коронавирустың өршуін тоқтату үшін маңызды болып отыр. Облыс орталығы мен аудан-ауылдардағы барлық қызмет көрсететін мекемелер жұмыстарын тоқтатады. Атап айтқанда, азық-түліктік емес сауда орындары, қонақүйлер, салондар және басқалары. Банктік ұйымдардың 50 пайызы қызметтерін шектеуі тиіс. Тек адамдардың тіршілігі үшін маңызды саналатын нысандар жұмысын жалғастыра алады. Карантин кезінде дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. Әсіресе, азық-түлік базарлары мен дүкен-супермаркеттер, адамдар көп шоғырланатын саябақтар, тұрғын-үйлердің маңында күнбе-күн дезинфекция жүргізілетін болады, – деді облыстың мемлекеттік бас санитарлық-дәрігері Мұхамғали Арыспаев.
Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, карантин кезінде азаматтарға қалаға келуге және шығуға тыйым салынады. Қаланың ішінде қозғалысқа да айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындары үйлерінен тек азық-түлік немесе дәрі-дәрмек, медициналық заттар алу үшін шыға алады. Онда да үй маңынан екі шақырымдық қашықтықтан ұзамауы керек. Сондай-ақ жұмысқа барып-келуіне рұқсат бар. Дегенмен, жұмыс орны басшысының анықтамасы болуы тиіс.
– Жедел штаб бекіткен алдағы уақытта жұмыс жасайтын салалар бойынша қызмет орындарының басшылары қызметкерлеріне өзі немес кадр бөлімі қол қойған арнайы үлгідегі анықтама береді. Ол анықтамада мекеме атауы, қызметкердің аты-жөні, жұмыс орны басшысымен байланыс туралы деректер көрсетілуі тиіс. Азаматты құқық қорғау қызметкері тоқтатқан кезде ол осы анықтаманы ұсынуы керек, – деді Абат Абайұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу