8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2020 1400 0
Өзек

БҚО-ДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚСЫЗ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

 

Облыс бойынша бүгінгі күнге  коронавирустық жұқпаның 414  жағдайы тіркелді. Оның ішінде  15 жасқа дейінгі балалар арасында 15 жағдай.

– 23 мамыр күні облыста – 16  жағдай тіркеліп, аурушаңдық 4,3 пайызды көрсетті, 24  мамыр күні 28 жағдай тіркеліп, аурушаңдық деңгейі 7,8 пайызға  көтерілді. Бүгінгі күнге тіркелген 414 жағдайдың 252-сі сырттан әкелінген, яғни Атырау мен Ресейден келгендер.  162 жағдай қарым-қатынас негізінде жұқтырылған, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Олардың 64-і медицина, бесеуі – полиция, екеуі – балабақша, екеуі – білім беру бөлімі қызметкерлері. Сондай-ақ оқу орталығында – екі, блокбекетте – бір және үй ошақтарында 85 жағдайда жұққан. Эпидемиологиялық тергеу барысында олармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланып, коронавирус жұқпасына  сынама алынған.

Қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында.  226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің  бақылауында.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»