8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1172 0
Қоғам

БҚО-ДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСАДЫ

Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты.

2020 жыл қазақ халқының ұлы тұлғаларының атаулы даталарымен есте қалды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой құрметіне Еуразия даңғылы – Абай даңғылы болып өзгертілді. Ақын Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойларына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Жұбан ақынның ескерткіші қойылып, Ақжайық ауданында «Жұбан орталығы» ашылды.

Өңір басшысы өткен жылы облыста 20 мәдени нысан жөнделгенін атап өтті.  Жаңақала ауданы Жаңажол ауылындағы жаңа 150 орындық мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілсе,  Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылында 300 орындық, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы 150 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысы жалғасуда.

– Ақжайық жұртшылығы мен зиялы қауымның көптен сұрап жүрген 900 орындық концерт залы бар Өнер Сарайының құрылысы жүргізілуде.  Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Жайық қалашығы» мен  «Хан Ордасы» музей-қорығы бойынша жобаларды іске асыру жоспарымыз бар. Сондай-ақ биыл Хан Ордасы ауылының туристтік әлеуетін арттыру мақсатында ауылдың кіреберіс жолын жөндеу басталады,  – деді Ғали Нәжімеденұлы. 

Сонымен қатар биыл даңқты әнші-композиторлар – Мұхит Мерәліұлының 180, Қапан Мусиннің 100, Базарбай Жұманиязовтың 85 жылдығы.  Республикалық деңгейде Сейтек пен Динаның 160 жылдығын, Тұяқберді  Шәмеловтың 70 жылдығын атап өту жоспарда. Сондай-ақ Әбубәкір Кердерінің 160 жылдығы, Марабай жыраудың туғанына – 180 жыл. Облыс басшысы Ғали Есқалиев облыстық мәдениет басқармасына аталған мерейтойлық даталарға орай мәдени шараларды ұйымдастыруда тағылымдық мәніне баса мән беруді тапсырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»