БҚО-ДА ИНСПЕКТОР АБАЙСЫЗДА КӨЗ ЖҰМДЫ
Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы қайтыс болды.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім еткендей, өлімнің себебі – қаруды дұрыс қолданбау.
14 желтоқсан күні сағат 09:30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Сағындықұлы Маженов (02.07.1977 ж.т.) абайсызда қару қолдану салдарынан қайтыс болды.
ҚР ПД баспасөз қызметі
Ведомство Серік Сағындықұлының жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Пікір үстеу