БҚО-ДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАР САНЫ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 200 төсектік бір ғана ауруханада 3 науқас емделуде. Соның ішінде біреуі жансақтау бөлімшесінде, ол инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өңірде пандемия басталғаннан бері 49 654 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте 1 адамнан індет табылса, 186 емделуші жазылып шықты. Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы аптада қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 274 642 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 66,3 пайызы. Сондай-ақ 264 441-і (63,8 пайызы) екінші компонентпен егілді. Облыс бойынша 72 022 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer компаниясының вакцинасын 10 970 адам салдырса, соның 419-ы – жүкті, 4 862-сі – бала емізетін әйелдер, 5 675-і – жасөспірімдер, 12-сі – мүгедектер, екеуі – шетелге емделуге жолдама алғандар.
https://www.inform.kz/kz/bko-da-infekciyalyk-stacionarlar-sany-kyskartyldy_a3915982
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу