БҚО-да енді үш зауытта ақбөкен еті өңделеді
Кәсіпорындар ақбөкендердің етін дайындауға ниетті. Ақбөкендер санын реттеу үшін Охотзоопром қызметкерлерінің бақылауымен далада арнайы бригадалар жұмыс істемек. 200 мың бас атылады. Мүйіздерін 2025 жылға дейін таңбалап, сақтау жоспарлануда. Келесі жылы ақбөкендерді сатуға тыйым салынады. Еттің құрамы тексеріліп, аурулар мен инфекциялардың болмауы ескеріледі.
“Охотзоопром бұл жұмыстарға жергілікті тұрғындардың арасынан аңшыларды жалдайды. Аулау Қараев әдісімен жүргізіледі. Үлкен торға барлық ақбөкендерді айдайды”, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов
Ақбөкеннің еті қала базарларында қаңқа түрінде сатылатын болады. Кейінірек олар консерві өнімдерін өндіру мәселесін қарастырады. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашевтің айтуынша, кәсіпорындар 1000 басқа дейін қабылдауға дайын. Бұған дейін ақбөкендер Батыс Қазақстан облысындағы жайылымдарды таптап, содан 1300 шаруа қожалығы зардап шекті. Ақмола, Ақтөбе және басқа да облыстардағы дақылдар жойылды. Бұл ретте ақбөкендерді атуға мораторий Қазақстанда 2024 жылға дейін қолданылады.
Бүгінгі таңда елде үш миллионға жуық дала бөкендері бар.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печати