БҚО-ДА БИЫЛ 465 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Биыл Батыс Қазақстан облысында 465 шақырым жол жөнделеді. Оған 27,6 млрд. теңге бағытталады. Сонымен қатар жыл ішінде жаңа және басталған жобаларды іске асыруға қосымша қаржыландыру күтулуде. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шақаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 496,3 шақырымды құрайды. 2 288 шақырым жол асфальтбетонды жабынды.
2014-2017 жылдары «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдарының телімдерін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу негізінде 56 мыңнан астам адам тұратын 74 елді мекендерімен үш аудан орталығы (Қаратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала) асфальтбетонды жабындысы жолдарымен облыс орталығымен қосылды.
2018 жылы бөлінген 33,8 млрд. теңге қаражатқа 450 шақырым жол жөнделді. Бұл республикалық, жергілікті маңыздағы жолдар мен ауылішілік және Орал, Ақсай қалаларының ішкі жоолдары.
Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Озинки бағыты)» 100 км автожолын қайта жаңғырту жобасы аяқталды. Облыстық маңызы бар «Үлкен Шаған-Переметное-Вечный» 0-32 км автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл биыл аяқталады.
Ағымдағы жылы 465 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оның ішінде республикалық маңызы бар «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы», «Самара-Шымкент», «Орал-Атырау» және облыстық маңызы бар «Үлкен Шаған-Переметное-Вечный», «Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка», «Федоровка-Ақсай», «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты», «Тасқала-Аққұрай-Болашақ-РФ шекарасы» автожолдардың телімдерінде жөндеу жұмыстарын жалғастыру көзделген..
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының орталықтарын облыс орталығымен байланыстыру үшін ұзындығы 245 шақырымды құрайтын автожолын күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 142 шақырымдық «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» автожолы, 103 шақырымдық «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолына жөндеу жасалады.
– Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды және мемлекеттік сараптамаға жолданды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаларды іске асыру басталады. Жобаларды бастау үшін 2019 жылға арналған бюджет жобасында 10 млрд. теңге жоспарланған. Жалпы алғанда, 2021 жылдың соңына дейін бұл жолдарда күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, – деді Медет Махамбетұлы.
Сонымен қатар Орынбор қаласы бағытында автожолын қайта құру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге «Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы 0-144 км автожолын қайта жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары басталған. Оны іске асырудың болжамды кезеңі 2019-2021 жылдарды қамтиды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдарының үлесі – 28,7 пайызды құраған еді. Биыл бұл көрсеткішті 30,2 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу