БҚО-ДА БІР АПТАДА 42 ОҚУШЫДАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бұл мәселе бүгін, 8 ақпан күні БҚО әкімі Ғ.Есқалиевің төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысында қозғалды.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық бағалау матрицасында облысымыз «сары» аймақ деңгейінде. Бірақ, әлі қауіп сейілген жоқ. Соңғы аптада аурушаңдықтың 600-ден астам жағдайы тіркелді. Инфекция көп жағдайда жұмыс жасайтындардың санатынан анықталып отыр. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор бойынша қызметкерлердің 80 пайызы онлайн жұмыс жасауға көшуі тиіс. Алайда, мемлекеттік қызметшілердің қатарынан ауру жағдайлары тіркелуде. Зейнеткерлер, оқушылар мен мұғалімдер, дәрігерлер арасында да ауру жиі тіркеліп отыр. Бір апта ішінде 42 оқушының және 16 мұғалімнің инфекция жұқтырғаны анықталған.
– Бұрын мектепте 1 жағдай тіркелсе, сол оқушы оқитын сынып қана карнтинге жабылатын. 8 ақпанда шыққан қаулыға сәйкес, балабақшада немесе мектепте симптоматикалық белгілермен 1 оқиға тіркелсе, білім ұйымы толықтай 14 күнге карантинге жабылады. Бұл – соңғы шара. Өйткені кейінгі уақытта мұғалімдер мен оқушылар арасында аурушаңдық көбейіп тұр, – деді Мұхамғали Арыспаев.
БҚО бойынша Орал қаласында аурушаңдық дерегі көп. Бұдан бөлек Бөрлі, Бәйтерек, Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында ауру дерегі азаймай тұр.
1-8 ақпан аралығында облыста коронавирустық инфекцияның 643 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте,яғни 8 ақпан күні инфекция 51 адамда анықталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу