БҚО-ДА БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 381 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті жыл басынан бері 160 бақылау шарасын жүзеге асырды. Соның ішінде 50 білім беру ұйымына профилактикалық бақылау жүргізілген. Алайда, бақылаудан өткен барлық білім беру ұйымдарында заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз алаңында өткен брифингте сала мамандары мәлім етті.

Негізгі заңбұзушылықтар мектептердің тиісті бейіні бар мамандармен қамтылмауы, педагогтардың уақытылы біліктілік арттыру курсынан өтпеуіне қатысты. Сондай-ақ оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталмауы, білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болмауы, психиатриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы растайтын құжаттардың болмауы, ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдерімен қарым-қатынасты реттейтін шарт жасалмауы сынды заңбұзушылықтар анықталған. Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша 50 нұсқама беріліп, соның қазіргі таңда 36-сының орындалуы қайтадан тексерілді.
– Анықталған 381 заңбұзушылықтардың 15,5 пайызы жергілікті атқару органдардың құзыретіндегі бұзушылықтар. Ол материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қатысты. Ал қалған 84,5 пайызы білім беру ұйымының әкімшілігінің жұмысының жүйесіздігі, мектепішілік бақылаудың тиісті деңгейде жүргізілмеуіне байланысты екендігі белгілі болды, – дейді БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиева.
Есептік кезеңде 41 нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Сонымен қатар департаментке түскен өтініштер бойынша 6, мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша 22 білім беру ұйымдары тексерілді. 3 өзге мемлекеттік органдардың құрамындағы тексеріс болды. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесі бойынша 12 лауазымды және 5 жеке тұлға жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар департаменттің өз құзыретінің шеңберінде мемлекеттік органдардан келген құжаттар негізінде 14 әкімшілік іс жүргізіліп, 2 лауазымды және 12 жеке тұлға жауапқа тартылған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу