8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 2088 0
Қоғам

БҚО-ДА БИЛЕР ОДАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде Билер Одағын құру туралы бастамашы топтың құрылтай жиыны өтті.

Бүгінде әр ауданда билер кеңесі құрылып, жұмыс жасауда. Әйткенмен, олардың жұмысын бір орталыққа біріктіріп, тиісті деңгейде үйлестіру маңызды. Басқосуды ашқан облыстық сот төрағасы Бек Әметов Билер Одағын құрудың қажеттілігін атап өтті.

– Әр аудандағы немесе қаладағы адвокаттың азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге мүмкіншілігі бар. Жұмысты жүйелендіру үшін адвокаттар өз құрылтайында республикалық, облыстық, аудандық деңгейде «Адвокаттар алқасын» құрды. Кез келген мемлекеттік ұйымдар адвокаттармен жұмыс жасауда осы «Адвокаттар алқасы» орталығы арқылы байланыс жасайды. Дәл сол сияқты нотариустар «Нотариаттар алқасын» құрып, өз Жарғыларына сәйкес жұмыс жасауда. Соңғы жылдары орындаушылық заңына сәйкес жеке сот орындаушылары да бас қосып, «Жеке сот орындаушылары палатасы» қоғамдық ұйымын құрды. 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданып, медиаторлар іске кірісті. Әр ауданда қоғамдық медиаторлар және Әділет органдарына тіркелген заңды медиаторлар бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстағы медиаторлардың басын қосатын «БҚО-ның медиаторлар одағы» құрылып, басқару органдары сайланды. Қазіргі уақытта олар сәтті жұмыс жасауда. Ғаламторда ресурстарын ашып, мобилді қосымшаларын да жасақтады. Билердің де жұмысын осы бағытта жүйелендіру маңызды. Облысымызда жұмысын жақсы бастап келе жатқан институт ретінде Билер кеңесінің жұмысына серпін беру – біздің мақсатымыз, – деді Бек Әметұлы.

Құрылтай жиынында жаңа «БҚО Билер одағы» қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданып, төрағалығына еңбек ардагері Асқар Атаев, хатшылығына еңбек ардагері Қалиолла Мұқанов сайланды. Жиын барысында одақтың жұмыс Жарғысы қабылданды. «Билер одағы» әр аудандағы биер кеңесіне бағыт-бағдар беруде, кеңестердің өзекті мәселелерін шешуде жұмыстанбақ. Одаққа аузы дуалы, елге сыйлы еңбек ардагерлері, доғарыстағы судьялар, ардагерлерден 13 адам мүшелікке алынды.

– «Елде дау көбейсе, сыртта жау көбейеді» деген бар. Билер Одағы елдегі дау-дамайларды, шешу, жанжалдасқандарды татуластыру бағытында жұмыс жасайтын болады. Қолымызда сот жүйесіндегідей кесім айтып, шешім шығаратындай құзыреттілік жоқ. Дегенмен, бұрынғы заманда Төле, Қазбек, Әйтекедей билеріміздің бір ауыз сөзімен жанжал тоқтап, екі ел бір-бірімен татуласқаны белгілі. Біздер де осы бағытпен, бірлік бар жерде тірлік болатынын халыққа түсіндіруді мақсат етеміз, – деді Қалиолла Мұқанов.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
135 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
143 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
270 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
534 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»