8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2021 1569 0
Өзек

БҚО-ДА БАЛЫҚ АУЛАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРДАН 4 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

2020 жылы  БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары балық ресурстарын қорғау саласы бойынша 208 рейд өткізіп, 305 құқық бұзушылықты тіркеді.    

Сот органдарына  13 әкімшілік іс жолданды. Сот арқылы 13 құқық бұзушыға –  504 326  теңге айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 7 құқық бұзушыдан – 269 466 теңге өндірілді. Қорықшылар 62 құқық бұзушулықты анықтады.

Есепті жылда балық аулау ережелерін бұзушыларға   4 700 056  теңге  айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 257 құқық бұзушыдан 4 027 066 теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді. Бұл салынған айыппұлдардын өндірілу пайызы- 88 пайызын құрады.

– БҚО ПД-нің табиғатты қорғау полициясымен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы тұсында Жайық өзенінде сүзбе аулармен заңсыз балық аулап жүрген құқық бұзушылар ұстады.  Олардан 6 қайық, 6 сүзбе ау, 12 қап ауланған балық алынды. Фото-бейне фиксация, балық, қайық, аулау құралдары БҚО ПД-не тапсырылды. Осы материалдарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабымен екі қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,  – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Темірғалиұлы.

Жазғы  айларда су тарту құрылыстарындағы  32 балық қорғау құрылғыларының жұмысы тексерілді.   Бұзушылықтар анықталған жоқ. Жыл басынын  құқық бұзушылардан  49 аулау құралдары  алынды.  Иесіз алынған аулау құралдарының саны 932. Оның 593 иесіз құрма ау, 338 шаян аулағыш болса, біреуі жүзу құралы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»