БҚО-ДА «ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНЫ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
12-16 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысында VI республикалық «Қазіргі заман қаhарманы» акциясы ұйымдастырылады.

Бұл акцияға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы, өзге де облыстық полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан ержүректік көрсете отырып, азаматтардың өмірін құтқарған ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысады.
Акцияның мақсаты – бейбіт өмірде адамдар өмірін құтқаруда батырлық пен ержүректік көрсеткен қызметкерлердің ерліктерін кейінгі ұрпаққа насихаттау және оларды патриоттыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ішкі істер органдарының имиджін арттыру, халық пен ішкі істер органдары арасындағы байланысты одан әрі нығайту болып табылады.
Республикалық акция 12 қараша күні ашылады. 4 күнге созылатын акция барысында қатысушылардың Орал қаласы мектептерінің оқушыларымен, Теректі, Ақжайық, Зеленов, Бөрлі, Сырым аудандарында ардагерлермен, халық қалаулыларымен, мектеп оқушыларымен, полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесулері ұйымдастырылады. Іс-шара 16 қараша күні қорытындыланып, қаһармандар мен акция қатысушылар марапатталады.
Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты, 2378 қылмыскерді ұстау кезінде жарақат алды, 1273 ІІО және Ұлттық Ұланның қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды, олардың 130-ы ерлікпен қаза тапқаннан кейін марапатталған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу