8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Маусым 2020 1341 0
Өзек

БҚО-ДА ҚАТТЫ ЖЕЛ ШАТЫРДЫ ҰШЫРЫП, ЭЛЕКТР БАҒАНДАРЫН ҚҰЛАТТЫ

БҚО облысы аумағында 29 маусым күнгі  13-22 м/с екпінді желдің салдарынан тұрғын үйлер мен ұйымдардың болжалды ауданы 1434 ш.м. болатын төбе жабындары ұшып, 47 электр желілері мен «Билайн» ұялы байланыс операторының бағаналары құлап, елдімекендер электр қуатынсыз қалды.

БҚО ТЖД дағдарыс орталығының мәліметінше, Тасқаланың Оян ауылында  орта мектептің  шатыры жұлынып кеткен, Ақжайық ауданының Базартөбесінде  қатты жел мектептің, ауылдың әкімдік ғимаратының және  12 үйдің  шатырын ұшырды.

Сырым ауданында электр желілерінің 36 тірек бағаны құлады. Салдарынан Қособа, Қарақұдық, Жарқамыс, Көздіғара ауылдарындағы 200-ден астам тұтынушы мен 6  әлеуметтік мекеме электр қуатынсыз қалды.

Бұлдыртыда жергілікті әкімдік ғимаратының, ауылдағы кітапхана, «Болашақ» дүкені, «Бәйтерек» кафесінің  шатырлары және үш жеке үйдің шатырлары ішінара жұлынып кеткен. Қособада 21 үйдің, Жырақұдықта 14 үйдің, Шағырлыойда 20 үйдің, Қосаралда  сегіз үйдің шатырын жел ұшырып кетті.

Секундына 22 метрге дейін  соққан қатты жел Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының шетіндегі «Билайн» ұялы байланысының бағанасын құлатып кеткен.

Ал бүгін Қазталовта  екпінді желдің салдарынан 11 тірек бағаны құлады. Қазіргі уақытта комиссия шығын көлемін есептеуде.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
139 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
383 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»