8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2020 1112 0
Өзек

БҚО-ДА АЛТЫ АДАМНЫҢ «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНЫ ТІРКЕЛДІ

Бүгінгі мәлімет бойынша  облыста тағы алты адамнан коронавирус аныталып отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабы хабарлады.

Бірінші жағдай бойынша, ауру жұқтырған азамат – 33 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Қалған 5 жағдайда бұл Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, 2 азаматтың дене қызуы көтерілуі байқалған соң, жедел жәрдем шақыртылып, провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Қалған 3 азаматымыз Қаулыға сай шекарадан карантиндік стационарға жолданып жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  18 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 39 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 37-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»