8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2021 2141 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА «АҢСАҒАН СӘБИ» ПРЕЗИДЕНТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр­бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандас­та­ры­мыз­дың 20 пайызға жуығы мұны ажы­расуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мем­ле­кеттермен салыстырғанда көңіл көншіт­пейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңса­ған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстра­кор­пораль­ды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет»,-деген болатын.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы бастау алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – көмекші репродуктивті технологиялар көмегімен Қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсарту.

Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы Медициналық сақтандыру қоры экстракорпоралды ұрықтандырудың 7000 циклын қаржыландыру жоспарлаған.

Жасанды ұрықтандыруды жасату квоталарының саны өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өсті.

Жақында біздің облысымызда да Президенттік бағдарлама аясында алғашқы нәресте дүние есігін ашты.

Репродуктивті медицина институтының репродуктолог дәрігер Людмила Бадельбаеваға 34 жастағы Ольга (әйел адамның сұрауы бойынша аты-жөні өзгертілген) жүгінді. Төрт жыл нәтижесіз емделуден кейін, «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасының арқасында көптен аңсаған арманы орындалды. Әйел адам осыдан бір ай шамасында Орал қаласында салмағы 3250 грамм, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»