8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2019 2100 0
Өзек

БҚО-ДА 25 АДАМ СУДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Биыл Батыс Қзақастан облысындағы су айдындарында 25 адам қаза болды. Оның жетеуі бала.

БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың мәліметінше, судағы қайғылы жағдайлар көбінесе адамдардың шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуы. Сондай-ақ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы,  мас күйінде суға шомылу, судағы балалардың тентектігі де жайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Биыл 25 адам суда көз жұмған болса, 16 адам құтқарушылардың көмегінің арқасында аман қалды. Құтқарылғандардың сегізі бала.

Облыс аумағында су айдындарында жаппай демалу үшін алты жағажай ғана талапқа сәйкес келеді. Олардың үшеуі  Орал қаласында, үшеуі Бәйтерек ауданы аумағында орналасқан. Қауіпті және демалу және шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларының учаскелерінде 308 тыйым салу белгісі орнатылды. Қазіргі уақытта қосымша белгілерді жаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының су айдындарында 262 адам қайтыс болған. Олардың 72-сі кәмелетке толмағандар.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»