БҚО-ДА 20 021 АДАМ КОРОНВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ТЕКСЕРІЛДІ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдамтырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыстағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Облыстық бас санитарлық дәрігердің мәліметінде, Батыс Қазақстан облысының аумағында 103 ошақта 458 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 69,7 құрады, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 жағдай тіркелген. Жалпы аудандар бойынша Ақжайық ауданында – 5 жағдай, Бөрліде – 7 жағдай, Жәнібекте – 2, Бәйтеректе – 8, Сырымда – 4, Тасқалада -16, Теректіде – 7, Орал қаласында – 408 жағдай тіркеліп отыр.
25 мамырда өсім қарқыны 9,2% – ды құрады, бұл ретте 19 аптада орташа өсім 4,2% – ды, 20 аптада -3,8% – ды құрады.
Сырқаттанғандардың 358-і БҚО тұрғындары, 92-сі Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан, сегіз жағдайда өзге елдердің азаматтарында коронавирустық инфекция анықталған.
Қарым-қатынастан анықталғаны – 189, денсаулық сақтау нысандарында – 67, оның ішінде медицина қызметкерлері – 58, басқалары – 9, 5-полиция департаменті (3 – АІІБ), үй ошағынан – 117 жағдайда жұққан
103 ошақ бойынша барлық байланыста болғандар – 1294, оның ішінде жақын байланыс – 751 адам, әлеуетті байланыста болғандар саны – 543. Облыс бойынша жақын байланыстардың ішінен зертханаға сынама 751 адамнан алынған.
Облыста ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қауіп тобына жататын контингенттер – медициналық қызметкерлер, күш құрылымдары, ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар, диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар адамдарға ПТР әдісімен тестілеу жүргізіледі. Бүгінгі күні алдын алу мақсатында 20 021 адам тексерілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу