БҚО-ДА 18 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
БҚО-да ағымдағы жылы 18 әлеуметтік жобаны іске асыруға 11,5 млрд. теңге қаралған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Құрылыс басқарасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев айтып берді.

Бүгінде тоғыз білім беру нысаны бойынша құрылыс жүріп жатыр. Атап айтқанда, облыс орталығыда №51 орта мектептің, №33 орта мектептің құрылысы, Казталов ауданы Казталов ауылында орта мектеп, Казталов ауданы Сарықұдық ауылында орта мектеп, Бәйтерек ауданы Зеленое аауылында орта мектеп, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі аауылында М.Бегалиева атындағы орта мектебінің екі ғимараты арасында жабық өткел, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектептің спортзалы, Ақжайық ауданы Чапай ауылында орта мектеп құрылыстары және Түркістан облысында «Ақжайық» музыкалық мектебінің ИКИ құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық ауруханаға жапсаржай, Тез тұрғызылатын жұқпалы аурулар аурухана салынуда. Оған 7,4 млрд. теңге бағытталған.
Көшім әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Оған 49 млн. теңге бөлінген.
Үш мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Оған – 0,481 млрд. теңге бағытталған. Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары атап өткендей, олар – Теректі ауданы Жаңа өмір ауылындағы, Шынғырлау ауданы Тасмола ауылындағы және Жаңақала ауданы Жаңа жол ауылындағы мәдениет үйлерінің құылыстары.
Сондай-ақ Орал қаласында, Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында, Тасқала ауданының Тасқала ауылында әкімшілік ғимараттардың құрылыстары салынуда.
– Бүгінгі таңда Орал қаласы және Тасқала ауданы Тасқала ауданы әкімшілік ғимараттардың құрылысы, Бәйтерек ауданы Зеленое ауылындағы орта мектептің, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы орта мектептің екі ғимараты арасында жабық өткелі, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы орта мектептің спортзал құрылысы, Ақжайық ауданы, Чапай ауылындағы орта мектептің және Түркістан ауданы «Ақжайық» музыкалық мектебінің ИКИ құрылысы аяқталды, – деп нақтылады Нұркен Еділұлы.
Сондай-ақ биыл КПО б.в. қаражаты есебінен Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы аяқталған. Қазір осы компания қаржы есебінен Жәнібек, Ақжайық, Бөкей Ордасы, Шыңғырлау, Қазталов, Теректі, Тасқала аудандары бойынша жалпы сегіз дене шынықтыру-сауықтыру орталығының, бір балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, Орал қаласында бір көпбейімді мәдениет ғимаратының құрылысы, Орал қаласы халықаралық әуежай ғимаратының қайта құрылысы мен модернизациялауы жүргізілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу