БҚО-ДА 166 АДАМНАН АУРУ БЕЛГІЛЕРІ ЖОҚ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев айтты.

Бүгінде облыста 262 ошақта коронавирус жұқпасының 818 жағдайы тіркелді. Өткен аптадаға өсім 3 пайызды құрады. 818 жағдайдың 326 жағдайы сырттан әкелінген деп есептелсе, 442 жағдайда қарым-қатынаста болғандардан тікелген. Олардың 116-сы – медициналық қызметкерлер. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 42 жағдай тіркелді.
3 маусымнан бастап ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы анықталған науқастарды жағдайына қарай екі топқа бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірінші топта – коронавирус белгілері болған науқастар, екінші топта – ауру белгісі жоқ науқастар. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаевтың мәліметінше, бұл бөлу жағдайы әлемдегі тәжірибе негіздеріне сүйене отырып енгізілуде.
– 3 маусымнан бастап, 166 жағдайда симптомдары жоқ науқастар тіркелді. Олар үйлерінде оқшауланып, күнделікті бақылауда болады, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Сырым ауданының Жымпиты ауылы, Жәнібек ауданындағы Борсы, Қамысты елдімекендерінде және Тасқала ауданының Тасқала ауылында карантиндік режим сақталуда. Сондай-ақ өткен аптада Қаратөбенің Саралжын ауылы тұрғынынан коронавирус жұқпасы анықталғандықтан, аталған ауылға блокбекет қойылды.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды қатаң сақтау сұралады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу