БҚО-да 1545 ұжымдық шарт тіркелді
Батыс Қазақстан облысы бойынша қызмет атақаратын шаруашылық субъектілерінң 25 пайызы қызметкерлерімен ұжымдық шарт жасаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәлихатында «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Амангелді Таспихов мәлемдеді.

Кәсіподақ орталығы жұмысының тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – әлеуметтік әріптестік. Осы бағытта кәсіподақ орталығы облыс әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері мен өңірлік жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған аймақтық үш жақты келісім аясында Еңбек инспекциясымен бірге жұмыстануда.
– Кәсіподақтың назар аударатын мәселелерінің бірі – ұжымдық шарттар. Қазіргі таңда өңірімізде бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар еңбек ұжымдарының барлығында ұжымдық шарттар бар. Әдетте жалақыны кешіктіру, қызметкерлердің құқығын бұзу, олардың арыз-шағымдарын елемеу сияқты әлеуметтік шиеленістер кәсіподақ ұйымдары жоқ еңбек ұжымдарында туындайды. Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңірімізде барлық тіркелген ұжымдық шарттар саны – 1545 немесе қызмет атқаратын шаруашылық субъектілері санынан 25%, ұжымдық шарттармен 130 мың адамнан астам қамтылған, немесе барлық қызметкерлердің 55,6 пайызын құрайды, – деді Амангелді Сатыбалдыұлы.
Облыс кәсіподақтары ұжымдық шарттардың санын арттыру бағытындағы жұмыстармен қатар, аталған құжаттың сапасын жақсарту, оларға әлеуметтік бағыт беру, жұмысшы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау сұрақтарына, сонымен қоса тараптардың ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу