8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2020 1306 0
Өзек

БҚО-ДА 15 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

БҚО-да бүгінгі күнге  коронавирустық жұқпаның 414  жағдайы тіркелді. Олардың 15-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Ақжайық ауданында – 5, Бөрлі ауданында – 7, Теректі ауданында – 2, Бәйтерек ауданында – 5, Жәнібек ауданында – 2, Тасқала ауданында – 11, Сырым ауданында – 5, Орал қаласында – 377 жағдай тіркелді.

– Жәнібек ауданында кейінгі екі күннің  ішінде  тіркеліп отыр. Олардың біреуі – жеке кәсіпкер. Ол Орал қаласы мен Жәнібектің Қамысты елдімекені арасында азық-түлік тасумен айналысқан. Екіншісі – «Теңіз»кентінде  вахталық әдіспен жұмыс жасайтын Борсы ауылының тұрғыны. Ол «Теңізден» келгеннен кейін карантиндік стационарда сынама алынып, теріс нәтиже бойынша ауылына  жолданған. Кейін дене қызуының көтерілуіне байланысты жергілікті медицина қызметкері карантиндік стационарға орналастырған. Бүгін ол облыстық жұқпалық аурулар ауруханасына жеткізіледі. Қарым-қатынаста болғандар анықталуда, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аталған елдімекендерде бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин жарияланады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Сондай-ақ бұған дейін Сырым ауданында  карантин жарияланған болатын.

Сондай-ақ Нұрлыбек Мұстаев карантиндік шараларының  қатаңдатылуы немесе жұмсартылуы бір апта ішіндегі аурушаңдық деңгейіне байланысты қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында.  226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің  бақылауында.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»