БҚО-ДА 10 АДАМ СУДА КӨЗ ЖҰМДЫ
2019 жылдың суға түсу маусымы басталысымен Батыс Қазақстан облысында 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі бала. Бұл туралы бүгін өңірлік өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы полковник М.Хайрекеновтың мәліметінше, департамент бөлімшелерінен суға түсу маусымы кезеңіндегі міндеттерді орындауға 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, 2 катер және 15 автокөлік дайындалған. Жедел құтқару жасағы сүңгуірлері демалыс базалары иелерінің өтініштері бойынша жағажайлардың түбін тазарту жұмыстарын жүргізуде.
– Департамент қызметкерлері су айдындарында суға түсу ережелерін түсіндіру бойынша үнемі үгіт-нсихаттау рейдтік шараларын өткізеді, алайда, атқарылып жатқан шараларға қарамастан облысымыздың су айдындарында 2019 жылдың суға түсу маусымы басталысымен 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі бала. Орал қаласында – 3 адам, Ақжайық ауданында – 4 адам, Бәйтерек ауданында – 2 адам, Қаратөбе ауданында – 1 адам суда көз жұмды. Өкінішке орай, су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы, мас күйде суға түсуі, суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, балалардың суда тентектік жасауы, – деді Максим Абатұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу