БҚО БАС ДӘРІГЕРІ: «ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР, ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ БОЙЫНША ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ»
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов коронавирус инфекциясымен күрес жағдайында медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы мәлімдеді.

Облыстың бас дәрігерінің сөзінше, 20 обсервациялық нысан ұйымдастырылған. Онда жалпы 5382 кереуеттік орын бар. Үш провизорлық стационарда 190 кереует дайындалған. Ал жұқпалы аурулар ауруханасында 190 кереует бар.
– Провизорлық және карантиндік стационарларда 94 пациент бақылауда. Ал жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқас жатыр. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық, ем жүргізілуде. Республиалық орталықпен үнемі байланыстамыз. Науқастарымызға жүргізіліп отырған ем әрдайым бақылауда, – деді Болатбек Қаюпов.
Қазіргі уақытта стационарларға 110 дәрігер, 221 орта буындағы медициналық қызметкер және 187 кіші медициналық қызметкер тартылған. Сондай-ақ медициналық колледждер студенттерінен волонтерлар көмекке келген. Төрт ауысым бойынша 20 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс жасауда. Олар науқастарды тиісті жабдықтармен провизорлық, карантиндік, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірге ауруларды және олармен қарым-қатынаста болғандарды госпитализациялау бойынша бірлескен жұмыс жасалуда.
Медициналық мекемелер өкпеге жасанды дем беру (ИВЛ) құрылғысы, кереуеттік монитор және басқа да қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған. Медициналық қызметкерлерді дәрі-дәрмек заттарымен қамту үшін үкіметтік резервтен жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінген. Дәрі-дәрмек, медициналық заттар және құрылғылар алынған.
– Медициналық мекемелерде вирусқа қарсы препараттар, жеке қорғану құралдары бойынша тапшылық жоқ. Жұқпалы аурулар ауруханасы, провизорлық, карантиндік стационарларда жұмыс жасап жүрген медицина мамандары толықтай қорғанысы жоғары деңгейдегі киіммен қамтамасыз етілген. Жуырда Үкімет тапсырмасына сай медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бекітілген еді. Медициналық және көмекші қызметкерлер жұмыс қауіптілігіне қарай үш санатқа бөлініп, негізгі жалақыларына қоса төленетін үстемеақы белгіленді. Коронавирустан сақтанудың басты амалы – карантин режимін сақтау, аса қажеттіліктен басқа уақытта үйде отыру. Сырттан келгенде қолды, бетті сабындап жуу. Сонда ғана бұл індеттен біз құтыламыз, – дейді облыстың бас дәрігері.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу