8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2019 1783 0
Қоғам

БҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ТАРАТЫЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен жүздесті. Шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, қоғамдық келісім мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен Ассамблея кафедрасы,  медиаторлар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өкілдері қатысты.

       

– Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Казіргі таңда облыстық Ассамблея белсенділік танытып, әр салада жұмыс атқаруда. Алдымызда көптеген мәселелер тұр, соның ішінде ең бастысы халықтың әл-ауқатын жақсарту, өзекті сұрақтарына жауап беру және  олардың шешу жолдарын табу. Осындай игі істер арқылы халықтың сенімін ақтау. Бұл жұмыста біз Ассамблеяның рөлін күшейтіп, оның өзекті мәселелерін шешуге атсалысуына жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Республикалық Ассамблея кеңесінің отырысында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жоғары бағаланды, біздің тәжірибеміз республикалық деңгейде таратылмақ. Бұл орайда әрқайсыңыздың еңбегіңіз өлшеусіз. Бүгінде Ассамблея тек мәдени-бұқаралық шараларды ғана емес, қоғамдық-саяси жұмыстарды да белсенді атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау салтанатында «Билік халық алдындағы уәдесін орындауы керек. Оның басты миссиясы осымен айқындалады. Еліміздегі ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты осылай ғана сақтауға болады» деген болатын.  Біріншіден, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі этномәдени бірлестіктердің мүмкіндігін кеңейтті. Этномәдени бірлестіктердің мәртебесі мен рөлін көтеру мақсатында бұл алғаш рет заң шеңберінде бекітіліп, аккредитация өткізілді.   Этномәдени бірлестіктің әр басшысы өз қоғамының мүшелерін білуі тиіс. Мүмкіндігінше, оларды қамқорлығына алып, көмектесуі қажет. Мәселелерінің шешілуіне атсалысып,  қоғам алдында жүйелі түрде есеп беріп отырғаны жөн. Этномәдени бірлестіктердің сапалы және мазмұнды жұмысы – бұл Ассамблеяның рөлі мен беделін арттырудың кепілі, әр жетекші мұны ескеріп, Қазақстан алдындағы патриоттық борышы ретінде сезінуі тиіс. Біз Ассамблея мүшелерінен қоғамды дамытуда келелі әрі іскерлік ұсыныстар күтеміз, – деді жиында сөз алған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы. Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ағымдағы жылы БҚО КХА жұмысы республикалық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. – Біздің Ассамблеяның тәжірибесін ел көлемінде кеңінен насихаттау  туралы шешім қабылданды. БҚО ҚХА мүшелері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ағайынға  1 млн. 800 мың теңге көмек жинады. Әлі де киім-кешек, қажетті заттар жиналуда. Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, кәсіпкер Анвар Агаев бір миллион теңге аударды. Қираған үйлерді қалпына келтіру үшін, құрылыс бригадасын көмекке жібермек, – деді Ғайса Хамидоллаұлы.

«Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Мақсот Берген: – Ассамблея қызметінің нәтижесінде елімізде әр азаматтың құқықтары мен этносаралық құндылығы қалыптасты. Биыл  БҚО ҚХА Ассамблеясы жанынан  «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігі  құрылды, – дей келіп, елдігімізді айшықтауда бірлестіктің атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Ал БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина аналар кеңесінің жұмысына тоқталды.

– Өңірімізде 157 аналар кеңесі жұмыс жасайды. Оның біреуі облыстық, біреуі қалалық, 12-сі аудандық, қалған 143-і ауылдық кеңестер. 1229 ана осы кеңестің мүшесі. Жыл басынан бері 221 іс-шара өткізілді. Аналар жұмысының негізгі мақсаты – отбасындағы тәрбие. Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау. Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесіндегі ананың, әкенің рөлін көтеру, жастарды жарасымды отбасылық өмірге даярлауға көмектесу. Біз жастармен жұмысқа көбірек көңіл бөлеміз. Өкінішке орай, қоғамда болып жатқан көптеген келеңсіз жағдайлар бар. «Үйлену оңай, үй болу қиын». Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы кезде шаңырақ көтергендердің 61,4 пайызы ажырасқан. Осы уақытқа дейін бұл көрсеткіш 33-37 пайызды құраған еді. Бұл жағдай бізді қатты қиналтады, – деген Шалқыма Хайроллақызы бүгінде отбасындағы тәрбие төмендеп кеткенін айтып дабыл қақты. Қазақ әйелі әуелі от анасы екенін баса айтқан  ол алдымен аналардың рөлін көтеруде Аналар кеңесінің жұмысына қолдау керегін жеткізді.

Жиында көтерілген сан түрлі мәселелер қаперге алынып, тиісті шаралар  қабылданатын болды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
116 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
336 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
822 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1200 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1116 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1560 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2174 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2342 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2348 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2399 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2402 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2033 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2883 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2936 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2932 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3543 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3514 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3501 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3479 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3640 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3687 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»