8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2021 1575 0
Қоғам

БҚО-ҒА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП БАСШЫЛАРЫ КЕЛДІ

2021 жылғы 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобының төрағасы Айгүл Соловьева және оның орынбасары Рафаэль Гасанов келді.

РАМТ төрағасы Айгүл Соловьева қатысушыларға арнайы мониторингтік тобының жұмысы жаңа форматта, «қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңының жобасы туралы баяндады. Виталий Колпаковтың басшылығымен, өңірлік АМТ қызметіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жемісті өзара іс-қимылға оң баға беріп, алдағы уақытта да табыс тіледі.

АМТ мүшелері бірқатар өзекті мәселелерді атап айтқанда, Жайық өзенінің жағасында ағаштарды жаппай кесуге байланысты облыстың экологиялық проблемаларын, АМТ мүшелерінің мәртебесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мониторингінің алгоритмін талқылады.

Бұдан әрі онлайн-режимде білім беру және денсаулық сақтау салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері бойынша арнайы мониторингтік топтың екі отырысы өткізілді.

Бірінші отырысқа облыс білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылығы, колледждер мен мектептердің директорлары, барлығы 100-ден астам адам қатысты. Екінші жиынға Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының басшылары, облыстың медициналық мекемелерінің басшылары қатысты. Республикалық арнайы мониторингтік топ басшылары білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»