8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 1220 0
Дені сау ұлт

БҚО-ҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕНІҢ ЕКІНШІ ПАРТИЯСЫ КЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинанының екінші партиясы әкелінді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.

Осыдан 21 күн бұрын вакцина қабылдаған медицина мамандары препараттың екінші дозасын алатын болады. Арман Талғатұлының мәлімдеуінше, вакцина алған дәрігерлер денсаулығында ешқандай өзгерістер жоқ. Апта аяғында тағы 3500 вакцина келетін болады. Ол ресейлік әдіспен Қазақстанда өндірілген препарат болып табылады. Наурыз айында тағы 8 мыңы келуі тиіс.

Әзірге екпе шарасы Орал қаласы мен 2 аудандағы 7 емдеу нысанында жүзеге асырылып жатыр.

Вакциналаудың екінші кезеңінде педагог мамандар мен полиция қызметкерлеріне екпе салу көзделіп отыр. Өңірге Ресейден жалпы саны 80 мың вакцина жеткізіледі.

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, әзірге вакцинадан жаппай бас тарту немесе екпенің кері әсері байқалған деректер тіркелмеген.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»