8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2021 1149 0
Қалалықтар қаперіне

БҒМ: 196 колледж 500 мамандық бойынша студент даярлау құқығынан айырылды

Еліміздегі колледждердің білім беру қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Колледждер белгілі бір мамандықтар бойынша студенттерді оқытқанымен, бейіні мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмай шықты. Осыған байланысты БҒМ тарапынан лицензияларды қайтару жұмыстары жүргізілді.

Білім беру бағдарламаларының сапасы, педагогикалық және оқытушылар құрамының жеткіліксіздігі, оқу үрдісін жүзеге асыру үшін қажет материалдық-техникалық базаның және оқу-зертханалық жабдықтардың болмауы сынды бұзушылықтар да орын алған.

Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылып, оқытушылар жұмысқа орналастырылды.

«Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»