Бұл жолғы сайлау – жаңа сайлау, жаңа талап
Бүгін, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында 20 қарашада болатын ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау, дайындау және өткізу мәселесі бойынша семинар болып өтті.
Семинарға ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық, қалалық учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары, жергілікті атқарушы билік өкілдері, БАҚ қатысты.
Жиынды БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Алдымен сөз кезегін алған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов: – Сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері тест тапсырды. Бұл сайлау науқанына жеңіл –желпі қарауға болмайды. Бұл жолғы сайлауда жаңа талап, жаңа тәсіл бар. Осыны түсінгеніміз жөн, – деді.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, еңбек және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басқармасының орынбасары Д. Ысқақова, облыс прокурорының бірінші орынбасары А. Цуранков, жергілікті полиция қызметі басқармасының орынбасары Е. Сұлтанғалиев баяндама жасады.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға Шафхат Өтемісов тұшымды жауап берді.
Гүлжан АЯЗБАЕВА,
Рафхаттың фотолары
Версия для печати
Пікір үстеу