БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылдан 15 мамыр халықаралық отбасы күні деп бекітілді. Бүкіл әлем жұртшылығы атап өтетін бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдатушылық туғызуынан жүзеге асып отыр.

Отбасы – шағын мемлекет. Еліміздегі құрылған әрбір отбасын сақтап қалу, оны шайқалтпау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға алынды. Бұл жоба отбасылық қатынастар саласындағы кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Жобаның жүзеге асырылуына тек судьялар қауымы ғана емес, медиаторлар, уәкілетті мемлекеттік органдар мен прокуратура, адвокаттар мен түрлі қоғамдық ұйымдар ат салысып келеді.
Бұл тақырыпқа осыншалық көңіл бөлу, мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты болып отырған – отбасы құндылықтары мен кәмелетке толмаған балаларды қорғау болып отыр.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы Орал қаласының №2 сотымен 2019 жылдың қаңтар айынан жүзеге асырылуда. Өткен кезеңді салыстырар болсақ, 2019/2020 жылдардың бірінші тоқсандарында сотқа некені бұзу туралы жалпы қаралған істар саны 503/592, оның 265/331 қанағаттандырылған шешім шығарылса, 7/5 қанағаттандырылмады, 95/17 іс бойынша дау медиация тәртібімен реттеліп тоқтатылса, 69/13 бойынша талап арыздан бас тартылған және 57/223 тараптардың арызы бойынша қараусыз қалдырылған.
Бір қарағанда неке – жеке отбасылық мәселе болып көрінгенімен, мемлекеттік маңызға ие. Ал отбасылық құндылықтардың жыл өткен сайын әлсіреп, «отбасы – шағын мемлекет» дегенді жастардың, осы күні тіпті ересек жастағылардың да (өйткені сотқа тіпті 60 жастан асқан адамдардың келіп ажырасып жатқанын көріп отырмыз) жеңіл түсінетіні алаңдатады. Бұл қоғамымыздағы түсініктің өзгеруі ме, әлде отбасы құндылықтарының маңыздылығының әлсіреуі ме деген сұрақтар амалсыз көкейге келеді.
Қайткен күнде де еліміздегі орын алып отырған бұл дағдарыстық жағдайды жою, ажырасу факторын болдырмау алдағы күннің еншісіндегі мәселе болып қала бермек. Жұмыла көтергенде ғана мәселенің түйіні шешіледі. Ендеше әрбір отбасын сақтап қалуға баршамыз ат салысқанымыз жөн шығар.
Өйткені отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.
Олеся Ташимова , Орал қаласының №2 соты
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу