Бүгін Қазақстанда Армиялық авиация күні атап өтілуде
Кәсіби мереке 1992 жылғы 29 желтоқсаннан бастау алады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің құрамына Үшарал қаласында орналасқан 01852 әскери бөлімі алғаш рет енгізіліп, оған «486-шы жеке тікұшақ полкі» атауы берілді.
Бүгінде Әскери-әуе күштерінің құрамдас бөлігі ретінде армиялық авиация Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерін авиациялық қолдауға, оқу-жаттығу, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. Оның қару-жарағында Ми-17В-5, Ми-8МТ, Ми-171Ш, Ми-172, Ми-24В, Ми-35М, EC-145, UH-1H-II және Ми-26 тікұшақтары бар.
Тікұшақтардың жоғары маневрлік қасиеттері атысқа қолдау көрсетуге, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын басуға және басқа да міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен әуе барлауы, артиллериялық нысананы анықтау және атысты түзету, әуеден миналау, радиоэлектрондық күрес міндеттері орындалады.
Винтті әуе кемелері тактикалық әуе десантын және барлау-диверсиялық топтарды түсіру, жүктерді, оқ-дәрілерді, әскери техниканы тасымалдау және жаралыларды эвакуациялау үшін де қолданылады.
Жауынгерлік және көліктік тікұшақтарсыз республикалық және халықаралық деңгейдегі бірде-бір оқу-жаттығу, сондай-ақ әскери және әуе шерулері өтпейді. Қажет болған жағдайда армиялық авиация экипаждары төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде және өрттерді сөндіруде ТЖМ-ге көмек көрсетеді. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқыны кезінде армиялық авиация экипаждары су басқан елді мекендер мен қыстақтардан жүздеген тұрғынды эвакуациялады.
Армиялық авиацияның жеке құрамы тәулік бойы кезекшілік атқарып, жоспарлы да, күтпеген міндеттерді орындауға әрдайым дайын. Ұшқыштардың жоғары кәсібилігінің, жеделдіктің және бөлімшелердің ұтқырлығының арқасында барлық қойылған міндеттер қысқа мерзімде, уақыт пен ресурстарды барынша үнемдей отырып, барынша тиімді орындалады.
gov.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру