05 Қаңтар 2021 2843 0
ҚоғамБҮГІН – ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ ТУҒАН КҮНІ
Бүгін – Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің дүниеге келгеніне 86 жыл. “Қазақ жырының Қадыры” атанған ақын Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.

Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.
Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында бастады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.
ҚазҰУ-нің филология факултетін бітірген. 1958-1993 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакиясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, “Балауса” баспасының редакторы қызметтерін атқарды.
Қадыр ақынды тану – қазақты тану. Өз халқыңды сүю өзгені мансұқтау емес, өз ұлтыңды ұлықтау. Ақын Күләш Ахметованың сөзімен айтсақ: «Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінін-мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын».
Қадыр Мырза Әли «Күндер-ай» жеке жинағын құрайтын 200-ден астам мәтіннің авторы. Қадыр Мырза Әли қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ол мағыналы және тіл жаттықтыруға арналған жаңылтпаштар мен жұмбақ, мысалдар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер жазды. Ақынның шығармашылығы қазақ орта мектебінің бағдарламасына еніп, жоғары сынып оқушыларына оқытылады. Оның көптеген өлеңдері қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулығына енгізілген. Сондай-ақ, Қадыр Мырза Әлидің туындыларына негізделген пьесалар республикалық театрларда сахналанады.
Ақын римдік ақын Овидияның, парсы ақыны Руми Джалаладдин, итальяндық балалар жазушысы Джанни Родари, литвалық ақын Эдуард Межелайтис, француз жазушысы Виктор Гюго, орыстың Лермонтовы мен қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың шығармаларын аударған. Оның ерекше мақтанышы – Есенин лирикасының аудармасы. Қадыр Мырза Әли Есенин лирикасын аударуын өзінің шығармашылық жетістіктігі және аударма жұмысындағы ең жоғарғы жетістіктері ретінде қарастырды.
Сонымен қатар, оның тағы бір өмірлік қызығушылығы – жұмбақтар. Ол қазақ оқырмандарын әлем халықтарының жұмбақтарымен таныстырған аудармашы. Қадыр Мырза Әли жүзден астам ұлттың жұмбақтарын жинап, аударған.
Қадыр Мырза Әли көп оқыған адам. Бүкіл ғұмырында 7 мыңға жуық кітап жинап, бәрін оқып шыққан. Тіпті, олардың кейбіреуін екі-үш рет қайталап оқыған. Ақынның шығармашылығы әрбір қазаққа белгілі және оқырмандар оның туындыларын сүйіп оқиды.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әли өмірінің соңғы жылдары екі рет инфаркт алып, 2011 жылы 23-нен 24-ші қаңтарға қараған түні жүрегі тоқтап қайтыс болды.
Қаламгер дүниеден өткен соң оның шығармаларын жан-жақты насихаттау мақсатында “Қадыр Мырза Әли” республикалық қоғамдық қоры құрылды. туған өлкесі Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында Қазақстанда тұңғыш рет Қадыр Мырза Әли атындағы шығармашылық орталығы ашылып, ақынға үлкен ескерткіш орнатылды.
Қадыр Мырза Әли – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Қазақ халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум2026
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
16 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
79 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
105 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
109 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
103 0

Кіру
Пікір үстеу