8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2022 1677 0
Қалалықтар қаперіне

БҚАТУ ұжымына рухани кеш сыйлады

Кеше, 13-сәуірде  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы классикалық музыка кешін тамашалады.

Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Ұлттық құндылықтарды насихаттау айы» және «Қозы көрпеш-Баян сұлу күніне» арналған  рухани  кешті Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі тарту етті. Оркестрдің орындауындағы классикалық әуендермен бірге халықтық әндер мен күмбірлеген күйлерді көрермен зор ынтамен тыңдап, қошеметтерін аямады.

Кеш соңында сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әдемі сазды кеш сыйлаған шығармашылық ұжымға оқу орнының ректораты, оқытушылар ұжымы мен студенттері атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар оркестрге ықылас гүлі табыс етілді.

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулгазиева өнер кешін жоғары бағалаған университет ұжымына ризашылығын білдіріп, қос тараптың бірлесіп атқарар іс-шаралары әлі де жалғасын табарына сенім білдірді.

                                                      БҚАТУ медиа орталығы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»