БҚАТУ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІБИ ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 2020-2021 оқу жылында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімдері басталды. 1 шілде күні «Политехникалық инстиутты» тәмамдаған 156 білім алушы қолдарына дипломдарын алып, өмірдің келесі кезеңіне қадам басты. Бұл туралы университттетің медиа-орталығы хабарлады.
Түлектерді қуанышты сәттерімен құттықтаған БҚАТУ басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов: – Сіздер үшін бүгін – өте маңызды күн. Сіздер ең қызықты студенттік жылдарды артқа тастап, кәсіби өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Осы күннен бастап сіздер – ата-аналарыңыз, ұстаздарыңыз, жалпы еліміз үлкен сенім артып отырған білімді де білікті мамансыздар. Болашақта қай аймақта, қай салада қызмет атқарсаңыздар да, сіздерді біріктіретін, қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлайтын – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегі деген ортақ атау, – дей келе, білім алған оқу ордаларының абыройын төмендетпеуге шақырды.
Түлектерді институт директоры Жанна Құбашева мен жоғары мектеп жетекшілері де құттықтап, ақ жол тіледі.
Салтанатты кеш барысында жастар саясатын дамытуға өз үлестерін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектер БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен бірге «Үздік диплом» иегерлерінің есімдері аталып өтті.
Политехникалық институтта «Аграрлық техника және технология», «Көлік техникасы және технологиялары», «Көлікті пайдалану», «Жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша білім алған түлектерге «Техника және технологиялар бакалаврі», «Ауыл шаруашылығы бакалаврі», «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» академиялық дәрежелері берілді. Институт түлектерінің қатарында Президенттік шәкіртақы иегерлері – Айнаш Олжабаева мен Алина Ильясова бар.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл университетті «бакалавр» дәрежесі бойынша барлығы 905 студент бітірді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу