АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕУІ КЕРЕК
Бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын сауда орындарының басышыларымен, жеке кәсіп иелерімен кездесті.

ҚР Үкіметінің қаулысына сай әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің тізімі жасалған болатын. Бұл тізімге 19 атаулы өнім кіреді. Қала басшысы Мұрат Рахметовтың айтуынша, мониторинг нәтижесі бір атаулы өнімге әртүрлі баға қойылғанын көрсеткен. Мәселен, қарақұмық жармасы «Мирлан» базарында 180-190 теңге болса, «Алтындар» супермаркетінде 126 теңгеден саудалануда. «Караван» базары күрішті 230 теңгеден ұсынса, «Алтындар» супермаркеті 187 теңгеден қойған. Өткен аймен салыстырғанда жұмыртқаның бағасы көтерілген. Бірінші сұрыптағы ұн 8 пайызға, қант 1,5 пайызға қымбаттаған.
– Кейбір сауда орындарында негізсіз бағаның өсірілгені байқалады. Делдалдардың да көп екені жасырын емес. Бірнеше қолдан өткен соң, бағаның өсетіні анық. Ғимараттың жалға алу құнының өсуі де азық-түлік бағасының көтерілуіне әкеледі. Сондықтан көтерме бағамен жеткізушілер мен делдалдар арасындағы байланысты және жалға беру мәселесін қарастыру керек. Бұл жалпы тауарлардың бағасын төмендетуге септігін тигізеді, – деді Мұрат Рахметұлы.
Сонымен қатар шаһар басшысы сауда орындарында зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік бұрыш ұйымдастырып, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін жеңілдетілген бағамен сатуды ұсынды.

Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейрам Хайыровтың баяндауынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері Орал қаласында жергілікті шаруа қожалықтарының, тауар өндірушілердің және көтерме бағамен жеткізушілердің қатысуымен 43 ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмендетіліп сатылды. Қазіргі уақытта тауар өндірушелірге қолдау көрсету мақсатында қала аумағында көкөніс өнімдері үшін 14 және нан өнімдерін сатуға арналған 22 дүңгіршек орнатылған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу