8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 2035 0
Өзек

ҚАЗПОШТА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАЙДЫ

Қазпошта бүкіл ел бойынша тұтынушылары арасында дәстүрлі науқан өткізуде. Басты жүлде – Hyundai Tucson автокөлігі 2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 15 қаңтары аралығында өтетін  науқанға қатысушылар арасында ойнатылады.

Автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысу үшін «e-commerce» Қазпошта төлем картасының иесі болу және оның көмегімен жалпы сомасы 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден кем емес (акция өткізу кезеңінде) төлем жасау қажет.

Науқанға Қазпошта қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын қоспағанда, акция кезінде кәмелеттік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Науқанға тауарлар мен қызметтер үшін, оның ішінде онлайн режимде жасалған төлемдер де жіберіледі. Науқанға коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ұялы операторлардың қызметтері, бюджетке төлемдер (салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер), қарыз операциялары бойынша төлемдер, басқа төлем карталарын пайдалана отырып жасалған төлемдер, үшінші тұлғалардың пайдасына не акцияға қатысушының басқа төлем карталарына жүзеге асырылған аударымдар және өзге де төлемдер қатыспайды.

Науқанның әрбір қатысушысының шексіз мөлшерде төлем жасауға және олардың әрқайсысымен акцияға қатысуына болады.

Ұтыс ойынына қатысушыларға «Қазпошта» автокөлікке қоса бір Iphone 11, бір Apple iPad mini және он дана Xiaomi Mi Band 4 фитнес-білезіктерін сыйлайды.

Ұтыс ойыны 2020 жылдың 20 қаңтарында тікелей эфирде әлеуметтік желілердегі Қазпошта ресми аккаунттарында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен өтеді. Жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және ұйымдастырушының www.post.kz ресми сайтында орналастырылады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»