ҚАЗАН АЙЫНДА ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ
2020 жылдың 1-30 қазан аралығында халық санағы өтеді. Бүгіннен бастап sanaq.gov.kz сайты іске қосылды. Қазіргі уақытта ұлттық санақты өткізу жөніндегі арнайы жұмыс органдары құрылды. Санақ шартты дайындық және негізгі кезеңдерден тұрады. Бұл туралы толығырақ бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

2016 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Елдері басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде 2020 жылға барынша жақын мерзімдерде кезекті халық санағын өткізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес «2020 жылы Халықтың ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысы қабылданып, кезекті халықтың ұлттық санағын 2020 жылдың мен 30 қазаны аралығында өткізу жоспарланған.
ҚР Ұлттық статистика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов атап өткендей, бүгінде Ұлттық экономика министрінің төрағалығымен республикалық комиссия құрылған. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары енген. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің өкімімен халық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.
1 мен 30 маусым аралығында өткізілетін дайындық кезеңінде интервьюерлер тұрғын үйлер және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстар, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың іс жүзіндегі санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекен бойынша аралау жүргізеді. 1 мен 30 қазан аралығына жоспарланған негізгі кезеңде тікелей халықтың ұлттық санағы өткізілетін болады.
«2020 жылғы халықтың ұлттық санағының» барысы туралы барлық ақпараттар арнайы sanaq.gov.kz сайтында, Статистика Комитетінің ресми stat.gov.kz сайтында, сондай-ақ YouTube (STATGOV KZ), Facebook (@statgov.kz), Instagram (@statcomrk) әлеуметтік желілерінде #sanaqkz2020 хэштегі арқылы жарияланады. Сонымен бірге, 1446 қысқа нөмір бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтін болады, ол бүкіл Қазақстан бойынша барлық ұялы операторлар мен стационарлық телефондар үшін тегін жүзеге асырылады.
Халық санағын өткізу үшін республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге жұмсалады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу