8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2022 1838 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫН ЖАРНАМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНУЫ МҮМКІН

ІІМ қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ведомство бұл ұсынысты прокуратураға жолдады.

Телеарна мәліметінше, былтыр мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шеккен. Олар 54 миллиард теңгесінен айырылған.

«Қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар ақша салып, сол ақшаны ешқандай әрекетсіз көбейтуге жиі шақырады. Содан кейін полицияда зардап шеккендер мұқият болмай, осындай ұсыныстарға сеніп, миллиондарынан айрылғанын айтады. Бірақ қазір қаржы пирамидасының жарнамасы үшін жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды», – делінген сюжетте.

Сондай-ақ, алаяқтарды жауапкершілікке тарту бойынша статистика келтірілді. Зардап шеккен – 126 адам. 38 адам сотталды, қалғандары бойынша қылмыстық іс жалғасып жатыр. Оның қатарында «Гаранта 24 Ломбард» ұйымдастырушылар бар (17 мың зардап шеккен). «L-Капитал» пирамидасының екі ұйымдастырушысы да бар. Олардан 260 миллион теңгеге 300 адам зардап шеккен. Evolution corp. 3 миллиард теңге жинады. Сюжетте алаяқтарды табу қиын екені, өйткені барлық қаражат шетелге жіберілетіні айтылды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 60 автокөлік, 4 пәтер, 5 жер учаскесі, 31 жеке үй бар. Іс сотта қаралып жатыр. Біздің ойымызша, тиімді құрал қылмыстық жауапкершілік тағайындау. Бұл ұсынысты бас прокуратураға жолдадық», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығы Санжар Әділов.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/kazakstandyik-juldyizdar-karjyi-piramidalaryin-333632/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»