8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2023 1751 0
Қоғам

Қазақстандықтардың саусақ іздері құжаттарға 2024 жылдан бастап қойылады

2024 жылдан бастап Қазақстан тұрғындарының жеке басын куәландыратын құжаттарда иесінің саусақ іздері болады. Тиісті бұйрық НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

Бұйрық 2023 жылдың 30 маусымында қабылданды. Онда Қазақстан азаматының паспортына, жеке куәлігіне, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхатына, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне және жол жүру құжатына байланысты рәсімдік ережелер (беру, ауыстыру және т.б.) қамтылған. Бұйрыққа сәйкес, бұл құжаттарда келесі мәліметтер бар:

Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса);

туған күні мен жері;

жынысы;

ұлттық тиесілігі – иесінің қалауы бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттарда;

азаматтығы;

фотосуреті;

құжатты берген органның атауы;

құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;

құжаттар иесінің қолы;

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

16 жасқа толған және одан да жоғары, сондай-ақ «Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгі құжат иесінің саусақ іздері. Сондай-ақ құжатта жеке басын куәландыратын құжатты беру кезінде саусақ ізін алу процедурасы да қарастырылғаны айтылған. Ол «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы немесе уәкілетті орган қызметкерінің бланк нысанында жүзеге асырылады.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «Ашық НҚА» порталында жарияланған ІІМ-нің тағы бір бұйрығының жобасында құжаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, оның ішінде оның саусақ іздері жады сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада сақталады делінген.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»