Қазақстандықтардың 53,1%-ы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді.
Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстанжәне республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқанреспонденттер қатысты.
Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі(53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығымәселесі шішіледі деп сенеді.
АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршағанортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылықтанытады.
Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ.
Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (51,0%) өздерін АЭС құрылысына қатысты референдумда«қолдау» немесе «қарсы» деп дауыс беру үшінжеткілікті ақпарат пен білім деңгейіне ие депсанайды. Респонденттердің тағы 12,2%-ы толықемес ақпаратқа ие екенін мойындайды. Сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдемешқандай ақпаратқа ие емес, ал 5,2%-ына жауапберу қиынға соқты.
Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС салу мәселесі бойынша референдумғақатысуға толыққанды ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысу мүмкіндігін айтты. Респонденттердің25,3%-ы референдумға қатыспауды жоспарлайды, 8,9%-ы шамасы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауапберуге қиналды.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулеринституты
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру