8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2021 1608 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МАМЫР АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ

Қазақстанда мамыр айында 3 мемлекеттік мерекені атап өтеді. Оған байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі.

Мамыр айындағы басты 3 мереке:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге тура келеді, сондықтан ел тұрғындары 3 күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні жұмада болады. Бұл күн де демалыс күні.

9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіде тойланады. Сәйкесінше демалыс күні дүйсенбі 10 мамырға ауыстырылады. Нәтижесінде 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында – 1, 2, 3 мамырда, содан кейін – 7, 8, 9, 10 мамырда демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер1, 2, 7 мамырда демалады, 8 – жұмыс істейді, 9, 10 – демалады. 11 мамырдан бастап жаңа жұмыс аптасы басталады.

Жалпы мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
149 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
391 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»