8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2020 1124 0
Қоғам

Қазақстандықтарға камуфляж форма кигені үшін айыппұл салынады

Атырауда әскери полиция қызметкерлері камуфляж формамен жүрген адамдарға оны киюге тыйым салынатынын түсіндіріп жүр, себебі айыппұл салынуы мүмкін.

Әзірге шаралар тек ескертумен шектелген, бірақ қатаң жаза қолданылуы да мүмкін. Мамандандырылған дүкендерде әскери жабдықтарға сұраныс жоғары. Себебі сапасы жақсы киімнің бағасы қолжетімді. Сол үшін ол адамдарға ұнайды. Алайда әскери форманы киюге тыйым салынған.

«Ия, бұл үшін айыппұл салынатынын естідім. Бірақ маған мұндай форма өте ұнайды. Біріншіден, сапасы жақсы. Киім төзімді, ұзақ киесің, үй шаруашылығына ыңғайлы. Айыппұл салатын болса, дүкендерда сатуға тыйым салынсын. Мен басқа нұсқаны көріп тұрғам жоқ. Әскери киімді қазір кез келген жерден сатып алуға болады ғой», – дейді Атырау тұрғыны Жандос Тұрланұлы.

Оған қоса әртүрлі әскердің кез-келген шеврондары мен жапсырмаларын да алуға болады. Оған ешқандай рұқсат құжаттары қажет емес.

«Тұрғындар арасында әскери форма танымал. Олар оны көбіне арнайы киім немесе жұмыс киімі ретінде пайдаланады. Ал камуфляждағы адамдар қылмыс жасаса, қоғам оны әскери қызметші деп қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіреді», – деп атап өтті әскери полиция қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов.

Атырауда түсіндіру науқаны басталғалы бері 28 ескерту жасалған. Ескерту қайталанған жағдайда жаза қолданылады. Жеке тұлғаларға 14 мың теңге, заңды тұлғаларға 70 мың теңге айыппұл салынды.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandyiktarga-kamuflyaj-forma-kigen-ushn-ayyippul-315776/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»